Main pages

Surah The emissaries [Al-Mursalat] in Kazakh

Surah The emissaries [Al-Mursalat] Ayah 50 Location Makkah Number 77

وَٱلْمُرْسَلَٰتِ عُرْفًۭا ﴿1﴾

Жалғасты жіберілгендерге,

فَٱلْعَٰصِفَٰتِ عَصْفًۭا ﴿2﴾

Қатты есіп, ұшырушыларға,

وَٱلنَّٰشِرَٰتِ نَشْرًۭا ﴿3﴾

Тарқатқан сайын тарқатушыларға,

فَٱلْفَٰرِقَٰتِ فَرْقًۭا ﴿4﴾

Айырған сайын айырушыларға,

فَٱلْمُلْقِيَٰتِ ذِكْرًا ﴿5﴾

Сосын зікір тастаушыларға,

عُذْرًا أَوْ نُذْرًا ﴿6﴾

Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бұл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бұл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: 1-Періштелер, 2-Желдер, 3-Құран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер...)

إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَوَٰقِعٌۭ ﴿7﴾

Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады.

فَإِذَا ٱلنُّجُومُ طُمِسَتْ ﴿8﴾

Жұлдыздар сөнген сәтте,

وَإِذَا ٱلسَّمَآءُ فُرِجَتْ ﴿9﴾

Көк жарылғанда,

وَإِذَا ٱلْجِبَالُ نُسِفَتْ ﴿10﴾

Таулар үгітіліп, ұшырылғанда,

وَإِذَا ٱلرُّسُلُ أُقِّتَتْ ﴿11﴾

Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде;

لِأَىِّ يَوْمٍ أُجِّلَتْ ﴿12﴾

Қайсы күнге кешіктіріліп еді?

لِيَوْمِ ٱلْفَصْلِ ﴿13﴾

Шешім күніне.

وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا يَوْمُ ٱلْفَصْلِ ﴿14﴾

Ол шешім күнін қайдан білесің?

وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿15﴾

Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!

أَلَمْ نُهْلِكِ ٱلْأَوَّلِينَ ﴿16﴾

Бұрынғыларды жоқ етпедік пе?

ثُمَّ نُتْبِعُهُمُ ٱلْءَاخِرِينَ ﴿17﴾

Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз.

كَذَٰلِكَ نَفْعَلُ بِٱلْمُجْرِمِينَ ﴿18﴾

Күнәкарларға осылай істейміз.

وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿19﴾

Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш!

أَلَمْ نَخْلُقكُّم مِّن مَّآءٍۢ مَّهِينٍۢ ﴿20﴾

Сендерді болымсыз судан жаратпадық па?

فَجَعَلْنَٰهُ فِى قَرَارٍۢ مَّكِينٍ ﴿21﴾

Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе?

إِلَىٰ قَدَرٍۢ مَّعْلُومٍۢ ﴿22﴾

Белгілі бір мерзімге дейін.

فَقَدَرْنَا فَنِعْمَ ٱلْقَٰدِرُونَ ﴿23﴾

Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз.

وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿24﴾

Жасынға шығарушыларға сол қүні нендей өкініш!

أَلَمْ نَجْعَلِ ٱلْأَرْضَ كِفَاتًا ﴿25﴾

Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па?

أَحْيَآءًۭ وَأَمْوَٰتًۭا ﴿26﴾

Тірілерге де өлілерге де.

وَجَعَلْنَا فِيهَا رَوَٰسِىَ شَٰمِخَٰتٍۢ وَأَسْقَيْنَٰكُم مَّآءًۭ فُرَاتًۭا ﴿27﴾

Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық.

وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿28﴾

Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!

ٱنطَلِقُوٓا۟ إِلَىٰ مَا كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ ﴿29﴾

(Ол күні оларға): \"Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер;\"

ٱنطَلِقُوٓا۟ إِلَىٰ ظِلٍّۢ ذِى ثَلَٰثِ شُعَبٍۢ ﴿30﴾

\"Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер\" (делінеді.)

لَّا ظَلِيلٍۢ وَلَا يُغْنِى مِنَ ٱللَّهَبِ ﴿31﴾

Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды.

إِنَّهَا تَرْمِى بِشَرَرٍۢ كَٱلْقَصْرِ ﴿32﴾

Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады.

كَأَنَّهُۥ جِمَٰلَتٌۭ صُفْرٌۭ ﴿33﴾

Сары түйелердей.

وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿34﴾

Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!

هَٰذَا يَوْمُ لَا يَنطِقُونَ ﴿35﴾

Ол күні олар сөйлемейді.

وَلَا يُؤْذَنُ لَهُمْ فَيَعْتَذِرُونَ ﴿36﴾

Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рұхсат берілмейді.

وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿37﴾

Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!

هَٰذَا يَوْمُ ٱلْفَصْلِ ۖ جَمَعْنَٰكُمْ وَٱلْأَوَّلِينَ ﴿38﴾

Ол шешім күні, сендерді де бұрынғыларды да жинаймыз.

فَإِن كَانَ لَكُمْ كَيْدٌۭ فَكِيدُونِ ﴿39﴾

Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар.

وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿40﴾

Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!

إِنَّ ٱلْمُتَّقِينَ فِى ظِلَٰلٍۢ وَعُيُونٍۢ ﴿41﴾

Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады.

وَفَوَٰكِهَ مِمَّا يَشْتَهُونَ ﴿42﴾

Көңілдері соққан жемістерде.

كُلُوا۟ وَٱشْرَبُوا۟ هَنِيٓـًٔۢا بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ ﴿43﴾

(Оларға): \"Істеген ғамалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын\" (делінеді.)

إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِى ٱلْمُحْسِنِينَ ﴿44﴾

Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз.

وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿45﴾

Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!

كُلُوا۟ وَتَمَتَّعُوا۟ قَلِيلًا إِنَّكُم مُّجْرِمُونَ ﴿46﴾

(Әй кәпірлер!) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расында күнәкарсыңдар.

وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿47﴾

Жалғанға саюшыларға ол күні нендей өкініш!

وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱرْكَعُوا۟ لَا يَرْكَعُونَ ﴿48﴾

Оларға: \"Иіліңдер\" делінсе, иілмейді.

وَيْلٌۭ يَوْمَئِذٍۢ لِّلْمُكَذِّبِينَ ﴿49﴾

Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш!

فَبِأَىِّ حَدِيثٍۭ بَعْدَهُۥ يُؤْمِنُونَ ﴿50﴾

Ал енді олар, бүл Құраннан кейін қайсы сөзге сенеді?