Main pages

Surah Those who drag forth [An-Naziat] in Kazakh

Surah Those who drag forth [An-Naziat] Ayah 46 Location Makkah Number 79

وَٱلنَّٰزِعَٰتِ غَرْقًۭا ﴿1﴾

Сүңгіп шығарушы,

وَٱلنَّٰشِطَٰتِ نَشْطًۭا ﴿2﴾

Баяу тартушы,

وَٱلسَّٰبِحَٰتِ سَبْحًۭا ﴿3﴾

Малтап кетуші,

فَٱلسَّٰبِقَٰتِ سَبْقًۭا ﴿4﴾

Жарысып озушы,

فَٱلْمُدَبِّرَٰتِ أَمْرًۭا ﴿5﴾

Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт.

يَوْمَ تَرْجُفُ ٱلرَّاجِفَةُ ﴿6﴾

Ол күні қатты сілкініс болады.

تَتْبَعُهَا ٱلرَّادِفَةُ ﴿7﴾

Оның артынан тағы бір сілкінеді.

قُلُوبٌۭ يَوْمَئِذٍۢ وَاجِفَةٌ ﴿8﴾

Ол күні жүректер тітірейді.

أَبْصَٰرُهَا خَٰشِعَةٌۭ ﴿9﴾

Көздері төмен қарайды.

يَقُولُونَ أَءِنَّا لَمَرْدُودُونَ فِى ٱلْحَافِرَةِ ﴿10﴾

(Олар): \"Шын, қайта тірілеміз бе?\",- дейді.

أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمًۭا نَّخِرَةًۭ ﴿11﴾

\"Қоқым, сүйек болған сәтте де?\"

قَالُوا۟ تِلْكَ إِذًۭا كَرَّةٌ خَاسِرَةٌۭ ﴿12﴾

(Олар): \"Ендеше ол қайғылы бір қайту екен\" дейді.

فَإِنَّمَا هِىَ زَجْرَةٌۭ وَٰحِدَةٌۭ ﴿13﴾

Негізінен ол, бір айғай ғана.

فَإِذَا هُم بِٱلسَّاهِرَةِ ﴿14﴾

Дереу сол уақытта олар майданда.

هَلْ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ ﴿15﴾

Саған Мұсаның хабары келді ме?

إِذْ نَادَىٰهُ رَبُّهُۥ بِٱلْوَادِ ٱلْمُقَدَّسِ طُوًى ﴿16﴾

Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі \"Тұуа\" ойпатында дабыстады:

ٱذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ ﴿17﴾

\"Перғауынға бар. Өйткені ол, азды.\"

فَقُلْ هَل لَّكَ إِلَىٰٓ أَن تَزَكَّىٰ ﴿18﴾

Сонда оган: \"Тазарғың келе ме?\",- де.

وَأَهْدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخْشَىٰ ﴿19﴾

\"Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың\"

فَأَرَىٰهُ ٱلْءَايَةَ ٱلْكُبْرَىٰ ﴿20﴾

Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті.

فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ ﴿21﴾

Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты.

ثُمَّ أَدْبَرَ يَسْعَىٰ ﴿22﴾

Кейін теріс айналып, жүгірді.

فَحَشَرَ فَنَادَىٰ ﴿23﴾

Адамдарды жинап, айғай салып:

فَقَالَ أَنَا۠ رَبُّكُمُ ٱلْأَعْلَىٰ ﴿24﴾

\"Мен сендердің ең ұлы раббыларың\" деді.

فَأَخَذَهُ ٱللَّهُ نَكَالَ ٱلْءَاخِرَةِ وَٱلْأُولَىٰٓ ﴿25﴾

Сондықтан Алла, оны ахирет, дүние азабымен қолға алды.

إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَعِبْرَةًۭ لِّمَن يَخْشَىٰٓ ﴿26﴾

Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар.

ءَأَنتُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَمِ ٱلسَّمَآءُ ۚ بَنَىٰهَا ﴿27﴾

Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады.

رَفَعَ سَمْكَهَا فَسَوَّىٰهَا ﴿28﴾

Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді.

وَأَغْطَشَ لَيْلَهَا وَأَخْرَجَ ضُحَىٰهَا ﴿29﴾

Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды.

وَٱلْأَرْضَ بَعْدَ ذَٰلِكَ دَحَىٰهَآ ﴿30﴾

Сосын жерді төседі.

أَخْرَجَ مِنْهَا مَآءَهَا وَمَرْعَىٰهَا ﴿31﴾

Одан су және жайылыс майданға келтірді.

وَٱلْجِبَالَ أَرْسَىٰهَا ﴿32﴾

Оған таулар орналастырды.

مَتَٰعًۭا لَّكُمْ وَلِأَنْعَٰمِكُمْ ﴿33﴾

Сендер және малдарың пайдалану үшін.

فَإِذَا جَآءَتِ ٱلطَّآمَّةُ ٱلْكُبْرَىٰ ﴿34﴾

Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте;

يَوْمَ يَتَذَكَّرُ ٱلْإِنسَٰنُ مَا سَعَىٰ ﴿35﴾

Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады.

وَبُرِّزَتِ ٱلْجَحِيمُ لِمَن يَرَىٰ ﴿36﴾

Тозақ, көретіндерге көрсетіледі.

فَأَمَّا مَن طَغَىٰ ﴿37﴾

Ал енді кім шектен шыққан болса,

وَءَاثَرَ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَا ﴿38﴾

Оған дүние әсер еткен болса,

فَإِنَّ ٱلْجَحِيمَ هِىَ ٱلْمَأْوَىٰ ﴿39﴾

Сонда рас оның орны тозақ.

وَأَمَّا مَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ وَنَهَى ٱلنَّفْسَ عَنِ ٱلْهَوَىٰ ﴿40﴾

Ал енді кім, Раббыны; алдына түрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса,

فَإِنَّ ٱلْجَنَّةَ هِىَ ٱلْمَأْوَىٰ ﴿41﴾

Негізінде оның барар жері ұжмақ

يَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَىٰهَا ﴿42﴾

(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған \"Қиямет қашан болады?\",- деп сұрақ қояды.

فِيمَ أَنتَ مِن ذِكْرَىٰهَآ ﴿43﴾

Ол жөнде түсіні беру сенің ісің бе?

إِلَىٰ رَبِّكَ مُنتَهَىٰهَآ ﴿44﴾

Оны қортындысы, Раббыңа байланысты.

إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرُ مَن يَخْشَىٰهَا ﴿45﴾

Негізінен сен қияметте қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың.

كَأَنَّهُمْ يَوْمَ يَرَوْنَهَا لَمْ يَلْبَثُوٓا۟ إِلَّا عَشِيَّةً أَوْ ضُحَىٰهَا ﴿46﴾

Олар қияметті көрге күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды.