Settings
Surah The Most High [Al-Ala] in Kazakh
سَبِّحِ ٱسْمَ رَبِّكَ ٱلْأَعْلَى ﴿1﴾
(Мұхаммед Ғ.С) ұлы Раббыңның атын дәріпте.
ٱلَّذِى خَلَقَ فَسَوَّىٰ ﴿2﴾
Ол сондай Алла; жаратып,толықтаған,
وَٱلَّذِى قَدَّرَ فَهَدَىٰ ﴿3﴾
Ол сондай Алла,шамалап оңғарған.
وَٱلَّذِىٓ أَخْرَجَ ٱلْمَرْعَىٰ ﴿4﴾
Ол сондай Алла,жайылысты жаратқан.
فَجَعَلَهُۥ غُثَآءً أَحْوَىٰ ﴿5﴾
Сосын оны қапқара қоқымға айналдырған.
سَنُقْرِئُكَ فَلَا تَنسَىٰٓ ﴿6﴾
(Мұхаммед Ғ.С) саған Құран оқытамыз ; сонда оны ұмытпайсың.
إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُ ۚ إِنَّهُۥ يَعْلَمُ ٱلْجَهْرَ وَمَا يَخْفَىٰ ﴿7﴾
Бірақ,Алланың қалағаны босқа. Негізінде Ол,көрнеу,көместі біледі.(2С,6А)
وَنُيَسِّرُكَ لِلْيُسْرَىٰ ﴿8﴾
Саған оңай болғанды қолайластырамыз.
فَذَكِّرْ إِن نَّفَعَتِ ٱلذِّكْرَىٰ ﴿9﴾
Пайда береті болса,насихат ет.
سَيَذَّكَّرُ مَن يَخْشَىٰ ﴿10﴾
Әлде кім Алладан қорықса,үгіт алады.
وَيَتَجَنَّبُهَا ٱلْأَشْقَى ﴿11﴾
Сорлы болғандар одан бой тежейді.
ٱلَّذِى يَصْلَى ٱلنَّارَ ٱلْكُبْرَىٰ ﴿12﴾
Ол,сондай зор тозаққа салынады.
ثُمَّ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحْيَىٰ ﴿13﴾
Сосын ол арада өлмейді де тірілмейді.
قَدْ أَفْلَحَ مَن تَزَكَّىٰ ﴿14﴾
Әлде кім тазарса,ол кұтылады.
وَذَكَرَ ٱسْمَ رَبِّهِۦ فَصَلَّىٰ ﴿15﴾
Ол,Раббының атын еске алып,намаз оқыды.(Бұл,айт намазыүБ.Ж.М)
بَلْ تُؤْثِرُونَ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَا ﴿16﴾
Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер.
وَٱلْءَاخِرَةُ خَيْرٌۭ وَأَبْقَىٰٓ ﴿17﴾
Ақирет хайырлы да тұрақты.
إِنَّ هَٰذَا لَفِى ٱلصُّحُفِ ٱلْأُولَىٰ ﴿18﴾
Негізінн бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар;
صُحُفِ إِبْرَٰهِيمَ وَمُوسَىٰ ﴿19﴾
Ыбырайым,Мұса (Ғ.С) лардың нұсқаларында.