Settings
Surah The morning hours [Ad-Dhuha] in Kazakh
وَٱلضُّحَىٰ ﴿1﴾
Сәске уақтына,
وَٱلَّيْلِ إِذَا سَجَىٰ ﴿2﴾
Тым-тырыс түнге ант.
مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَىٰ ﴿3﴾
Раббың сені тастамады да кейімеді.
وَلَلْءَاخِرَةُ خَيْرٌۭ لَّكَ مِنَ ٱلْأُولَىٰ ﴿4﴾
Әрине сен үшін ахирет,дүниеден жақсы.
وَلَسَوْفَ يُعْطِيكَ رَبُّكَ فَتَرْضَىٰٓ ﴿5﴾
Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың.
أَلَمْ يَجِدْكَ يَتِيمًۭا فَـَٔاوَىٰ ﴿6﴾
Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма?
وَوَجَدَكَ ضَآلًّۭا فَهَدَىٰ ﴿7﴾
Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма ?
وَوَجَدَكَ عَآئِلًۭا فَأَغْنَىٰ ﴿8﴾
Сені кедей көріп,байытпады ма?
فَأَمَّا ٱلْيَتِيمَ فَلَا تَقْهَرْ ﴿9﴾
Ендеше жетімді қорлама,
وَأَمَّا ٱلسَّآئِلَ فَلَا تَنْهَرْ ﴿10﴾
Сұраушыны зекіме.
وَأَمَّا بِنِعْمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثْ ﴿11﴾
Раббыңның нығметін білдір.